Карантин кезінде отбасылық жанжалдар саны екі есе артқан. Себебі, күні-түні бір пәтерде қамалып отырған ерлі-зайыптылардың жүйкесі сыр беріп, тұрмыстық кикілжіңдер көбейген. Осыған байланысты елде күйзеліске түскендерге көмек көрсететін психологиялық сайт ашылды. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығы қолға алған бұл жоба азаматтарға жұқпалы індетті жеңудің психологиялық жолдарын түсіндіріп, тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға көмектеседі. Тұрмыстық құқықбұзушылық, денсаулыққа жеңіл түрде залал келтіру, ұрып-соғу. Шаңырақтың шырқы осылай бұзылып жатыр. Жақында блок бекетті бұзып, полицей машинасын соғып, ғаламторды шулатқан азамат та үйінен ащы су ішіп, әйеліне ашуланып шыққан.
Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш те пандемия басталғалы нәзікжандылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшырады деп дабыл қақты. Карантин бітісімен қытайда да ажырасу жиілеп кетті. Бұл күйзелістің кесірі екенін айтадыпсихолог мамандар. Сондықтан 70 маман жұмылған Covid-19 «менталсентер.кз» сайты ересектерге, мүгедектерге, тіпті балаларға кеңес беріп, күйзелістің алдын-алу үшін 6 бағытта жұмыс істейді.
Гаухар ТӨЛЕКБАЙ