«Бәйтерек» холдингі шағын және орта бизнес иелеріне қолдау көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бәйтерек» холдингі шағын және орта бизнес иелеріне қолдау көрсетпек

07.04.2020

Биыл елдің барлық өңірлерінде 16 мыңнан астам пәтер салынады. Мемлекет басшысының халықты тұрғын үймен қамтамассыз ету саясаты аясында «Бәйтерек» холдингі құрылыс жұмыстарына 180 миллиард теңге тартпақ. Бұл қаражат кредиттік тұрғын үй салуға бағытталады. Холдинг төтенше жағдай кезінде дағдарысқа қарсы шараларды ширатып, шағын және орта бизнес иелеріне қолдау көрсетпек. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент сынды еншілес компанияларының тұтынушыларына төлемдерін үш айға үстемақысыз және айыппұлсыз кейінге қалдыруға мүмкіндік беріп отыр.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу