Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алып жатқан Түркіменстан Республикасының 14 азаматы коронавирус індетіне байланысты өз еліне қайта алмай қалды. Қазір олар оқу ордасының жатақханасында жеке дара оқшуаланып, қашықтан оқып жатыр. Білім ордасы шетелдік жастардың білім алуы мен тұрмыс тіршілігіне қажетті барлық жағдайды жасаған. Олар бақылауға жеңіл болуы үшін университетке жақын орналасқан студенттер үйіне орналастырылды. Шетелдіктер кітапхана қызметін, ғаламторды еркін пайдалана алады.
Ғани ҚАЛМАХАН