Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Балкашин ауылын су басты. Әлеуметтік желіге тараған бейнетүсірілімде бірнеше үйдің ауласы суда қалған. Елді мекеннің жанындағы Жабай өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, ойпат жерде орналасқан ауылға лезде жеткен. Осы өңірдегі тілшімізге мамандар төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр дегенді алға тартып отыр. Өзендегі мұзды жару қайтадан қолға алынған. Ал Жабай өзеніндегі су деңгейі қар тез еріп, жауын-шашын мол болған соң күрт көтерілген. Қазір өзен деңгейі 3 метрге жетті. Ал шекті көрсеткіш, яғни аса қауіпті меже 3,2 метр болып саналады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК