Елордада әскери міндеттілерді арнайы әскери жиынға тіркеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әскери міндеттілерді арнайы әскери жиынға тіркеу басталды

06.04.2020

Прзеидент жарлығына сәйкес Елордада әскери міндеттілерді арнайы әскери жиынға тіркеу басталды. Қала әкімінің қаулысына сай бірінші кезеңде 100 адам тарту жоспарланған.

Арнайы әскери жиынға ең алдымен әскери борышын өтегендер мен әскери кафдерада білім алған азаматтар тартылады. Бүгін таңертең әскери комиссариатқа 50-ден астам адам келіп, медициналық коммиясиядан өтті.

Әскери жиын 1 айдан 3 айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында әскери міндетті азаматтың жұмыс орны сақталады. Сонымен қатар, соңғы жұмыс орнындағы жалықысына сай ақы төленеді.  

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу