Ұлттық арна отандық фильмдердің онкүндігін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна отандық фильмдердің онкүндігін өткізеді

06.04.2020

Ұлттық арнаның да көрермендерге базарлығы бар. 5 – 15 сәуір аралығында «Qazaqstan» телеарнасында ең үздік отандық фильмдер марафоны болады. Оның аясында «Шырақшы», «Композитор» туындылары және Канн фестивалінің жүлдегері атанған Самал Еслямова басты рөлді сомдайтын «Айка» көркем фильмі назарларыңызға ұсынылады. Сондай-ақ, «Томирис» «Жерұйық», «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Талан», «16 қыз», «Ең сұлу», «Қазақ хандығы: Алтын тақ» сынды отандық кинематографияның үздік туындыларын көре аласыздар. Қазақ мультипликациясының озық өнімдері «Мұзбалақ», «Күлтегін», «Ер Төстік пен айдаһар» сынды балалар үшін де тартуымыз бар. Бұл марафонға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Sataifilm» киностудиясы септігін тигізді.  

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу