Бала саны аз ауылдарда оқушылар 30 минуттан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала саны аз ауылдарда оқушылар 30 минуттан оқиды

06.04.2020

4-інші тоқсанды кей ауылды жерлерде оқушылар өз білім ордаларында жалғастырып жатыр. Олар - бала саны аз шағын мектептер. Республика бойынша білім ордаларының 70 пайызы шағын жинақтылы болып саналатын Ақмола облысының бірқатар аудандарында орта білім беру мекемелері бүгніде жұмыс істеп тұр.

Бүгінде облыстағы 556 мектептің 109-ы қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Бұл білім мекемелерінде 5850 оқушы бар. Мектептердің барлығы шағын жинақтылы және Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларынан алшақ, індет тіркелмеген аудандарда орналасқан.

Демек, алдағы уақыттағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұл мектептер де қашықтан оқыту жүйесіне ауысуы ғажап емес. Ата-аналардың да талап-тілектері ескерілмек.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу