«Balapan» телеарнасы арқылы өткен бейнесабақтарды көру белсенділігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасы арқылы өткен бейнесабақтарды көру белсенділігі

06.04.2020
«Balapan» телеарнасы арқылы өткен бейнесабақтарды көру белсенділігі

«Қазақстан» корпорациясы бүгін орта білім беру ұйымдары үшін басталған қашықтан оқыту жүйесінің алғашқы күнін өткізді. Оқушылардың белсенділігі интернет-ресурстардан да бірден байқалды. Таңғы 09:00-ден басталған бейнесабақтарды арна эфирінен бөлек, «Balapan» телеарнасының сайты арқылы 95 533 адам, Корпорацияның Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы 35 373 адам тамашалаған. Ал balapantv You Tube каналынан бейнесабақтар көрсетілген 6 сағат ішінде 386 мың қаралым жасалды.

«Balapan» телеарнасының You Tube-тағы арнасына осы 6 сағаттың ішінде 29 мың адам тіркеліп үлгерді.

Сабақтар «Balapan» арнасы мен Қазақ радиосында бірдей уақытта жүреді.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу