Өскемен және Семей қаласының тұрғындары рұқсат қағаз алуға кезекте тұруға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен және Семей қаласының тұрғындары рұқсат қағаз алуға кезекте тұруға мәжбүр

06.04.2020

Өскемен және Семей қаласының тұрғындарына жеке көлікпен жүруге қажет рұқсатнама әлі де таратылып жатыр. Мәселен, облыс орталығында кәсіпкерлерге рұқсатнамаларды беру үшін 200-ден адам жұмылдырылған. Ал күні кеше ғана олар бір жерден ғана беріліп, жұрт ұзын сонар кезекке тұруға мәжбүр болған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгіннен бастап екі қаланың тұрғындары жаңа ереже бойынша жүріп-тұрады. Шаһардың тіршілігіне жауапты адамдарға, автокөлік иелеріне қызыл түсті рұқсатнама таратылды. Ал белгілі бір жұмыс кестесімен жүретін кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге жасыл түсті қағаз бар. Қарапайым тұрғындарға да ақ және жасыл түсті рұқсатнама берілді. Жасыл түсті құжат жұп күндері, ақ түстісі тақ санға сәйкес келетін күндері үйден шығуға рұқсат. Ал сенбі, жексенбі және мереке күндері, арнайы рұқсат қағаз болмаса жекеменшік көліктермен жүруге мүлдем болмайды.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу