Алматыда коронавирустан тағы екі адам айығып, ауруханадан шықты. Ал індетке іліккен өзге 96 науқас ем алып жатыр. Олардың бірі - Алматы облысының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, ересек екі адам жансақтау бөлімінде, тағы екеуінің жағдайы ауыр. 79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Алматыда аурудан айыққан 21 науқас үйіне жіберілген. Олар 14 күндік үй карантинде болады. Төтенше жағдайға байланысты қаладағы басты көшелерде мобильді 36 бекет жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 350-ден астам адам жауапкершілікке тартылып, 177 адам қамауға алынған. Соңғы 1 аптада 200-ден астам көлік айып тұрағына қойылған.
Қалада бүгін тағы 5 індет ошағы тіркелді. Сонымен мегаполисте қазір коронавирус инфекциясының 36 ошағы бар. Ал инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 14 тұрғын үйден шектеу шаралары алынды.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ