Тараз қаласына ертеңнен бастап карантин енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласына ертеңнен бастап карантин енгізіледі

06.04.2020

Тараз қаласына ертеңнен бастап карантин енгізілмек. Бүгін түнгі сағат 12-ден кейін қаладан шығуға не кіруге болмайды. Қазір өңірде қауіпті індет жұқтырған 35 адам тіркелді. Ауырғандардың көбі - шекара асып келгендер. Үндістанның Дели қаласынан келген ұшақ бортындағы 91 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың төртеуінен қауіпті вирус табылды. Сондай-ақ Қырғызстан аумағына барып келген үш адам қатерлі ауруға шалдыққан. Сондықтан шекара маңындағы Қордай ауданы да оқшауланбақ. Ал жол жиектеріне қойылған бекеттердің көмегімен оннан астам адамнан жұқпалы инфекция анықталды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу