Декретте отырған аналарға 42 500 теңге жәрдемақы беріле ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Декретте отырған аналарға 42 500 теңге жәрдемақы беріле ме?

06.04.2020

Декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жинақтық төлемді төлеп, 42 500 теңгеден үміттенуіне болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды

«Оларға бала күтімі үшін бала бір жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жылдан асқаннан кейін олар жұмысқа шығар еді, бірақ төтенше жағдайға байланысты ешкімді жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жинақтық төлемді төлеп, 42 500 теңгеден үміттенуіне болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Хабарламаларға жазылу