Коронавирусқа байланысты Алматы қаласындағы бүгінгі ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты Алматы қаласындағы бүгінгі ахуал

05.04.2020

Әсіресе індет жұқтырғандарды емдеп жатқан және емдейтін дәрігерлер, медбикелердің жанкештілігін біліп отырмыз. Олардың бірнешеуі қайкүні Денсаулық сақтау министріне ешқандай да үстеме ақы алмағандарын жазып, «бұл қалай?» десті. Е.Біртанов системаның бейнелеп айтқанда, селкілдеп тұрып қалатын тұсын жоққа шығармады. Уәде орындалатынын айтты.

Ахуалға орай тағы бір деталь – жасырын өтіп жатқан құдалық, қонақ шақырулар бар екені айтылады. Бақуатты мемлекет Ұлыбританияның әлі келмей жатыр. Өзіне өте сенімді көрінетін АҚШ президенті абдырап сөйлеп бастады. Грипп сияқты ауру дегенін қойды. Шамалы қонақ шақырғанда, немесе жақын туысқанның үйіне соғып кеткенде тұрған не бар? деген болмайды. Елде бар вирус тарала береді. Адамдар жиналуын қоймаса, қарқынды, тіпті өршелене тарайды. Өткенде де айттық, аурухана жетпей қалады, сонда не істейміз?

Ал Алматыдағы бекетті бұзып өтпек болып, полицейдің аяғын бірнеше жерден сындырған адамның әрекеті...

Қазір бір кісілер Абайды енді түсіндім деп жазады, рас, хакімнің айтқандарын еске түсіреді.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу