Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы А.Үкібай Н.Назарбаевтың денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы А.Үкібай Н.Назарбаевтың денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды

05.04.2020

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы А.Үкібай Н.Назарбаевтың денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарған.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар аймақ басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылаған.

«...Біз ешқашан қауесеттерге түсініктеме бермейміз. Алайда соңғы уақытта жекелеген тұлғалар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру бойынша, соның ішінде Елбасының денсаулығына қатысты жалған деректерді тарату арқылы белсенді әрекет жасап жатыр. Мұның бәрі арандатушылық және өтірік. Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екеніне сендіргім келеді, ол карантин жағдайында да Отан игілігі үшін жұмысын жалғастыра береді. Ал кімде-кім күмәнданса, онда кеше Елбасы сөйлескен кез келген әкімнен бұл туралы сұрауға болады», - деген баспасөз хатшысы.


Хабарламаларға жазылу