Шағын және орта бизнес үшін барлық салықтар 3 айға шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнес үшін барлық салықтар 3 айға шегерілді

05.04.2020

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов фейсбуктегі парағында былай депті:

... Қоғамның әр бір санатына қатысты шаралар жеке қаралуда.

- Шағын және орта бизнес үшін барлық салықтарды төлеу 3 айға –1 маусымға дейін шегерілді;

- салық міндеттерін қамтамасыз ету шаралары мен тәсілдерін қолдану, сонымен қатар салықтық, кедендік қарыздар мен әлеуметтік жарнаны төлеуге міндеттеу 1 маусымға дейін тоқтатылды;

- экономиканың ең көп зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес үшін 6 айға (биылғы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін) салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу және төлеу тоқтатылды:

- мүлік салығы, жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауылшаруашылық жерлеріне жер салығы, агроөнеркәсіптік кешені саласында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандар импортына ҚҚС (НДС) - жыл соңына дейін 0%;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі үшін ҚҚС (НДС) жыл соңына 12% -дан 8% -ға дейін;

- әлеуметтік салық, жалақыдан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медицина бойынша жарналар мен аударымдар 1 қазанға дейін 0%.

Бұл 700 мыңнан астам салық төлеушіні қамтиды.


Хабарламаларға жазылу