Осымен байланысты тағы бір мәселе бар – азық-түліктің бағасы. Бағаның өсуі. Иә, дүкеншілерге бағынбайтын факторлар бар, доллар бағамының шарықтауы сияқты. Бірақ алынып қойған, шаң басып жатқан тауарлардың бағасын бір күнде бірнеше есеге қымбаттату... Осы ашкөздік жұртты ашуландыратын. Кеше Сауда және инвестициялар министрлігі негізгі деген тауарлардың бағасын тұрақты ұстау туралы қаулы шығарды. Оған байланысты бір история бар.
Ақерке БЕКТАС