Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит-мысықтарды жеуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит-мысықтарды жеуге тыйым салынды

03.04.2020
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит-мысықтарды жеуге тыйым салынды

Шэньчжэнь - ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салған Қытайдағы алғашқы қала атанып отыр. Заң 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

Humane Society International ұйымының мәліметінше, қытайлықтар жыл сайын 10 миллион ит пен 4 миллион мысық жейді екен.

Бұған дейін Қытай билігі коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін жабайы жануардың етін жеуге және сатуға тыйым салған еді. Елде доңыз, қой, есек, қоян секілді үй жануарларын және үй құстарын асырауға және жеуге болады. 

Сондай-ақ коронавирусқа шалдыққан науқастарға аюдың өтін пайданалуға ресми рұқсат берілді. Жалпы, Қытайдың дәстүрлі медицинасында өт дәрі ретінде кеңінен қолданылады.

bbc.com


Хабарламаларға жазылу