Атырауда 28 жастағы жүкті әйел вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 28 жастағы жүкті әйел вирус жұқтырған

02.04.2020

Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 18 адамға жетті. Бұған дейін үш медбике ауруға шалдықса, бүгін олардың саны төртеу болды. Індет жұқтырған тағы бір тұрғын - жүкті әйел. Бүгінде науқастармен байланыста болған тұрғындар оқшауланды.  

Мұнайлы өңірде қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны күн санап артуда. Тіркелген науқастың 4-еуі медбике. Бүгін анықталған 34 жастағы медбике мен 21 жастағы тұрғын, 1 сәуірге қараған түні коронавируспен ауруханаға жатқызылған 28 жастағы аяғы ауыр әйелмен байланыста болған. Бүгінде олар инфекциялық стационарда емделуде. Жағдайы тұрақты. Ал жаңа айтқан 28 жастағы жүкті әйелдің вирусты нақты қайдан жұқтырғаны әзір белгісіз. Онымен байланыста болғандардың жағдайын қазір ресми өкіл айтады.

Бүгіннен бастап Атырау толықтай жабылды. Аудандармен байланыс тоқтады. Өңірге қарасты 7 ауданда бас аяғы 240 правизорлық орын дайын тұр. Карантинде 151 адам, ал, үй бақылауында 1298 адам жатыр. Облыста карантинге арналған 1730 бар. Сондай-ақ, өкпеге жасанды дем беретін 111 аппарат алынған. Тағы 20-сы жуық арада жеткізілмек.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу