Солтүстік Қазақстан облысында 3 медицина қызметкері вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 3 медицина қызметкері вирус жұқтырған

02.04.2020

Бүгін түнде Петропавл қаласы мен Маңғыстау облысы карантинге жабылады. Шаһарға көліктер кіріп-шыға алмайды. Қаланың ішінде де адамдардың жүруіне шектеу қойылып, қажетті жағдайда ғана жұмысқа, дүкенге, дәріханаға баруға рұқсат. Солтүстік Қазақстан облысында 8 адамнан коронавирус анықталып, 100-ден астам адам провизорлық стационарда бақылауда. Індет жұқтырғандардың арасында 3-еуі медицина қызметкері. Олар- Тайынша ауданындағы аурухана зертханашысы, Келлеровкадағы ауыл емханасында жұмыс істейтін санитар. Сондай-ақ, Петропавл қалалық жұмыспен қамту бөлімінің 3 қызметкері де инфекцияға шалдыққаны белгілі болды. Қазір олармен байланыста болған адамдар түгел карантинде. Жаңадан еңбеккерлер қабылдап жатқан мемлекеттік мекеме таяуда өз жұмысын жалғастырады. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты өңірдегі Тайынша қаласы мен Келлеровка елді мекенінде де карантин жарияланды. Ал бүгін түнде облыс орталығы да толықтай жабылады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу