Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті

02.04.2020

Шымкент қаласының аумағы әуеден бақыланады. Өйткені блокпосттарды айналып өтпек болғандар көп. Мәселен, шектеу енгізілген алғашқы күні 150 автокөлік тоқтатылып, иелері жазаға тартылды. Олар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл төлейді. Автокөлік иелері көбіне шеткері орналасқан елді мекендер арқылы қала аумағына кіріп шыққаны белгілі болды. Себебі бұл елді мекендердегі адырлар арқылы үлкен автожолдарға шығып кететін соқпақ жолдар бар. Қазір осындай жолдардың барлығын қазылып, автокөлік өте алмайтындай етіп бекітілді. Жалпы бүгінде шаһар аумағын қоршай 18 блок пост қойылған. Олар арқылы тек транзитті көліктер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көліктердің ғана жүруіне рұқсат етілген. Сақтық шараларын күшейту мақсатында жергілікті билік енді құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып қала шекарасындағы күзетті күшейткелі отыр.

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Олар бұған дейін вирус жұқтырған бір азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары. Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Ал Түркістан облысында қатерлі індет жұқтырғандар саны 11-ге жеткен.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу