Нурмагомедов – Фергюсон жекпе-жегі бесінші рет кейінге шегірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нурмагомедов – Фергюсон жекпе-жегі бесінші рет кейінге шегірілді

02.04.2020
Нурмагомедов – Фергюсон жекпе-жегі бесінші рет кейінге шегірілді

Аралас жекпе-жектен жеңіл сақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы кездесу тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы ресейлік спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

«Бүкіл әлем, алып державалар карантинде. Барлық ірі спорт сайыстары тоқтатылды. Мен не үшін өз өмірімді қатерге тігуім керек. Өздеріңізді сақтаңыздар және менің орнымда болғанда не істер едіңіздер? Соны бір сәт ойланып көріңіздер» - деді спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Нурмагомедов – Фергюсон жекпе-жегі түрлі себептерге байланысты бірнеше рет өтпей қалған болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын UFC басшысы Дана Уайт бұл кездесу жанкүйерсіз өтсе де болады деп айтқан еді. Ал қазір көпетеген UFC жанкүйерлері Хабиб Нурмагомедовтың мәлімдемесінен кейін чемпиондық атағынан айыруды талап етуде.

Хабарламаларға жазылу