Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жеткізілді

02.04.2020
Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жеткізілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша қытай тарапының Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына бірінші гуманитарлық көмектің партиясы келді. Оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім кіреді. Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде», делінген хабарламада. 

Мәліметке сай, Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан да Қытайға гуманитарлық көмек жасаған болатын. Кейін Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі коронавирус індетімен күрес үшін жеткізілген Қазақстанның гуманитарлық көмегіне алғыс білдірді.

Хабарламаларға жазылу