«Қазақстан» РТРК» АҚ шағын бизнес өкілдерінен тегін жарнама қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ шағын бизнес өкілдерінен тегін жарнама қабылдайды

01.04.2020
«Қазақстан» РТРК» АҚ шағын бизнес өкілдерінен  тегін жарнама қабылдайды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы шағын бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылдың 31 сәуіріне дейін Корпорацияның аймақтық телеарналарында тегін жарнама орналастыру жөнінде шешім қабылдады.

Шағын бизнес өкілдері 14 аймақтық арна эфиріне ұзақтығы 30 секундқа дейінгі жарнамалық роликтер бере алады. 

Өтінімдер филиалдардың жарнама бөлімдері арқылы қабылданады.  

Бұдан басқа, Корпорация барлық интернет-ресурстарында (qazaqstan.tv, balapan.tv, tamashakz.tv сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында) ақысыз негізде баннер мен pre-roll-жарнама орналастыру мүмкіндігін ұсынады.    

Интернет-ресурстардағы жарнама бойынша толық ақпарат: +7 702 195 1717, kairbaeva.m@kaztrk.kz. 


Хабарламаларға жазылу