«Ардагерлер туралы» заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ардагерлер туралы» заң жобасы мақұлданды

01.04.2020

Мемлекет басшысының мәлімдемесі тек қазіргі жағдайды оңалту үшін ғана емес, дағдарысты еңсеруге бағытталған іс-қимыл жоспары. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар Президент тапсырмаларын заңдық тұрғыдан қамтамасыз етуге әзір екендігін айтты.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасы мақұлданды. Енді еліміздегі соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бір заң аясында реттеледі. Мемлекеттің әлеуметтік қорғауына алынатын ардагерлердің негізгі 5 санаты бекітілді. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер үшін жеке мәртебе белгіленеді. Сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлері мен әр жылдары халықаралық міндеттемесін орындаған әскерилер және чернобыль ардегерлері мен социалистік еңбек ерлеріне әлеуметтік қолдау күшейеді. Ардагерлерді бірқатар салықтан босату да жоспарланып отыр. Бұл көмектер 11 мыңнан астам адамды қамтиды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу