Елордада тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды

01.04.2020

Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешенінің 15 кіреберісі карантинге жабылды. Бұл үйлерде короновирус жұқтырған адамдар тұрған. Олар қазір стационарда. Науқастармен байланыста болған адамның бәрі табылды.

Нұр-Сұлтан қаласында бір жарым мыңнан аса көп қабатты үй дезинфекциялаудан өткен. Ондағы 6 мыңнан аса кіреберіс пен 1500 балалар мен спорт алаңына тазалық жүргiзiлдi. Бұған 500-ге жуық адам жұмылдырылды. 50-ден аса техника тартылған. Қала iшiндегi жер үй аумақтарына да дезинфекция жасалып жатыр. Тазалыққа қолғанылған химиялық заттардың адамға зияны жоқ екенін айтады әкімнің орынбасары.

Зертханада анықталған деректер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың тест нәтижесін алған соң ғана Бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша бұл кіреберістер карантиннен алынуы мүмкін. Әзірге төңірек тәулік бойы тәртіп сақшыларының бақылауында.

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу