Қызылорда облысында бүгін тағы 6 адамнан Covid-19 вирусы анықталды. Қызылорда қаласымен қатар, Жаңақорған кентіне де толықтай карантин режимі енгізілді.
Індет жұқтырғандар саны төрт тәулік ішінде 25-ке жетті. Коронавирус бұған дейін Қызылорда мен Жаңақорған ауданынан шықса, бүгін Қармақшыдан екі науқас, Шиелі ауданынан бір адам тіркелді. Яғни өңірде жұқпалы инфекцияның таралу ошағы 4-еуге көбейді. Науқастармен байланыста болған 485 адамның 133-і стационарлық карантинге жатқызылды. Індеттің өршуінен қазір әсіресе Жаңақорған ауданында қосымша орындар әзірленуде.
Ұлттық сараптама орталығынан облыс бойынша 14 залалсыздандыру бригадасы құрылып, дизифекция жұмыстарын бастап кетті. Ал қызылордалық екі меценат қонақ үйлерін арнайы медициналық оқшаулау ғимараты ретінде пайдалануға бермек. Армангүл мендегі ақпарат әзірге осы.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ