Нидерландта 101 жастағы зейнеткер коронавирус індетінен сауығып шықты. Оны осыдан бір жарым апта бұрын тыныс алуының қиындауына және вирусқа тапсырған тест қорытындысының оң нәтиже көрсетуіне байланысты Роттердам қаласының маңындағы Эйсселанд ауруханасына жатқызған болатын деп хабарлайды Reuters.
Ауруханада зейнеткерді оқшаулау режиімнде ұстаған. Бірақ қазір оның COVID-19 вирусын толыққанды жеңуіне байланысты емханадан шығаруға шешім қабылданды делінген дереккөзде.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Альцгеймер ауруына шалдыққан ҚХР-ның 100 жастағы бір азаматы да коронавирус індетінен толық айыққандығы туралы хабарланған болатын.