Коронавирус 14 күнге дейін белсенділігін жоймайды. Бұл дегеніміз қатерлі індет, адамнан адамға ғана емес, зат арқылы да жұғу қаупі жоғары. Сондықтан жиі дезинфекция жасаудың маңызы зор. Коронавирустың жансыз заттарда сақталуы мерзімі қанша?
Вирус алюминийде, қолғапта 8 сағат, ағашта 2 күн, темірде 3 күн, әйнекте 4 күн, қағазда 5 күн, пластик заттарда 7 күнге дейін өмір сүреді. Сондықтан егер сіз жұмыста болсаңыз, мүмкіндігіңізше дезинфекциялық заттармен немесе сабынды шүберекпен жиі тазалаған дұрыс. Айтпақшы, маскаға жұққан вирус 7 күн сақталады.
Мамандар вирус киімге жұқса, 2 күн сақталатын айтады. Сондықтан сырттан келген соң мүмкін болса, киімді сабынды шүберекпен сүрту керек Немесе антисептик себіңіз. Қолды 20 сек жуудың маңызды екенін бұған дейін айттық. Ал үйде хлор, белизна сияқты тазартқыштармен 2-3 рет сүрту артық болмайды.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ