Павлодарда жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен арнайы қор ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен арнайы қор ашылды

31.03.2020

Павлодарда жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен арнайы қор ашылып, онда тек азық-түлік жиналады. Бұл карантин кезінде тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларын қолдау мақсатында жасалып отырған шара. Қазірдің өзінде волонтерлардың көмегімен жүздеген отбасыға көмек көрсетілді. Ал мүгедек немесе басқалай жағдаймен үйінен шыға алмайтын қарт адамдар, өздері немесе олардың көршілері облыстық «Nur Otan» партиясының орталық кеңсесіне хабарласып, азық-түлік себетін алуларына болады. Осылайша 11 мың отбасына көмек жасау жоспарланып отыр.

Аймақтағы шаруа қожалықтары да қамқорлық шарасына жұмыла кірісті. Олардың көмегімен 200-ге тарта көпбалалы отбасыға 10 тонна картоп таратылды. Игілікті іс төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу