Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары халықаралық рейстерді қабылдауды тоқтатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары халықаралық рейстерді қабылдауды тоқтатады

31.03.2020

Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары 1 сәуірден бастап халықаралық рейстер қабылдауды тоқтатады. Бұл туралы көліктегі Бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысы шықты. Ал осы қалаларға ұшып келетін ұшақтар енді ертеңнен бастап еліміздің басқа қалаларына жіберіледі. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізілетінін айтады мамандар.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 18 наурыздан бері елге 7 702 қазақстандық оралғандығын хабарлады. Президенттің тапсырмасымен бұл азаматтарды мемлекет өз күшімен елге әкелді. Жақында тағы 754 адамды елге жеткізу жоспарланған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу