Грузияда коронавирустың жаппай тарауына байланысты коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді.
Ел аумағында 31 наурыздан бастап кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көлік қозғалысы мен адамдардың жүруіне шектеу қойылады.
Сондай-ақ Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Поти, Зугдиди, Рустави қалалары карантинге жабылады.
Грузияда бүгінгі күнге дейін 98 адам коронавирус жұқтырған.
ria.ru