Алдағы екі айда короновирус жұқтырғандар саны 10 есеге дейін өсуі мүмкін. Мұндай болжамды бүгін Денсауклық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Дегенмен, наурыз, сәуір, мамыр айларында вирус жұқтырғандардың саны 3,5 мыңнан аспайды деп үміттенеміз деді министр. Бірақ, бұл көрсеткіш бастапқы болжаммен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Себебі, алғашқы есеп-қисап бойынша індеттің таралу қарқыны бұдан да жылдам болатыны айтылған. Бірақ, уақытылы енгізілген төтенше жағдай бұл тенденцияны 50 пайызға дейін кемітті. Қазіргі таңда ауруханаларда қосымша тағы 3,5 мың төсек орын дайындалып жатыр.