Коронавирус жұқтырған қазақстандық науқастардың басым бөлігі дене қызуы, құрғақ жөтел мен ағзаның әлсіздігіне шағымданған. Аурудың алғашқы белгілері адамның иммунитетіне байланысты. Оған әр елдің климаты, географиясын байланыстырудың қажеті жоқ екенін айтады инфекционист дәрігерлер. Сондықтан өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда жедел жәрдемге жүгінген жөн.
Неміс ғалымдары науқастардың 60-70 пайызы иіс-дәм сезу қабілетінен айырылғанын айтса, қытайлық мамандар дененің әлсіздігі, жүрек айнуы, мең-зең күйде болу белгілері байқалатынын айтады. Қазақстандық дәрігерлер қандай белгі болмасын, бей-жай қарамаңыздар деген ескерту жасады. Жұқтырған адамның жазылғанға дейінгі ахуалы мынадай.
Ал ауру асқынып, вирус өкпенің жартысын жауласа науқас жасанды тыныс алу аппаратымен ғана демалатын күйге жетеді. Қауіптісі сол, вирус жұқтырған сәттен бастап, ағзада 48 сағаттың ішінде көбейеді, бірақ ауру бірден байқалмайды.
Сондықтан дене қызуы, жөтел, бас ауру, тыныс тарылу сияқты белгілер байқалса бірден жедел жәрдемге жүгінген жөн. Ал сақтану үшін – дезинфекциялық талаптарды орындап, үйден шықпаған абзал. Өйткені, көзге көрінбейтін жауды жеңудің жалғыз жолы – оған да көрінбеу керек.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ