«Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы ширай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы ширай түсті

31.01.2018

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында осы орталықтың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Қазірдің өзінде жұмыс істеуге өтініш білдірген компаниялардың саны жиырмаға жуықтаған. Жыл соңына дейін олардың қатары жүзге жетеді деген болжам бар. Елімізде жүріп жатқан жекешелендіру науқаны да қаржы орталығы жұмысының ширай түсуіне септігін тигізуде. Оның үстіне биыл жыл соңында жекешелендіруге шығатын «Air Astana», «Қазақтелеком» және «Қазатомпром» компаниялары да қаржы орталығының жұмысына тікелей әсер етеді. Жалпы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде өз жұмысын 1-қаңтарда бастады. Ал, жыл соңында толық жобалық қуатына көшеді. Әрі қарай қабылданған стратегия бойынша жұмыс істейтін болады. 

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО Басқарма төрағасы:

- Біздің жоспарымызға келетін болсақ, алдағы 20 жылға арналған стратегия қабылдадық. Алдағы он жыл ішінде Азияның ондығына және 3-5 жыл аралығында қаржы орталығының күш-қуатын толық іске қосу жоспарланған. Астана қаржы орталығының ресми түрде тұсаукесері биыл 5-шілдеде өтеді.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу