1 cәуірден бастап Атырауға баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 cәуірден бастап Атырауға баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

30.03.2020
1 cәуірден бастап Атырауға баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

1 сәуірден бастап Атырауға баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

31 наурыздан бастап № 692/691 Ақтөбе-Атырау пойызының маршруты Доссор станциясына дейін қысқарады. 1 сәуірден бастап №313/314 Атырау-Маңғыстау және №47/48 Атырау-Бурабай курорты жолаушылар пойызы, 2 сәуірден бастап №41/42 Атырау-Шу пойызының қозғалысы тоқтатылады.

Бұған дейін Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толықтай ала алады.

Хабарламаларға жазылу