6 сәуірден бастап «Balapan» телеарнасы және «Qazaq radiosy» мектеп оқушыларына арналған бейнесабақтар өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 сәуірден бастап «Balapan» телеарнасы және «Qazaq radiosy» мектеп оқушыларына арналған бейнесабақтар өткізеді

27.03.2020
6 сәуірден бастап «Balapan» телеарнасы және «Qazaq radiosy» мектеп оқушыларына арналған бейнесабақтар өткізеді

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасы және «Qazaq radiosy» көрсетеді. Дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 09:00-ден бастап 17:00 аралығында 1-11 сыныптың оқу пәндері бойынша барлығы 2042 бейнесабақ өткізу жоспарланған.  

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар арнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. 

Бейнесабақтарды көпшілікке оңай қолжетімді ету мақсатында «Balapan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсету жоспарланып отыр.  



Хабарламаларға жазылу