Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде 70 жастағы әйел қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде 70 жастағы әйел қайтыс болды

27.03.2020

Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының бірінде 70 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерге тарады. Сауда орны өкілдерінің мәліметінше, ол ғимаратқа кірген соң арада 10 минуттай өткенде кенеттен құлаған. Бейнекамераларға түскен видеолардан оның маскада болғаны анықталды.

Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Полицияның хабарлауынша, мәйітте ешқандай дене жарақаты жоқ. Марқұмның жеке заттарын тексеру кезінде бас айналу мен бүйректің созылмалы қабынуына арналған таблеткалар табылған. Сондай-ақ, егде жастағы әйелдің қант диабеті ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрғандығы анықталды.

Амангелді СЕЙЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу