Мемлекет басшысы Қырғыз Президенті С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қырғыз Президенті С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

27.03.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирус індетінің таралу жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға бағытталған бірлескен шараларды талқылады. С.Жээнбеков Қырғызстан азаматтарының еліне оралуына, сондай-ақ, қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүк тасымалына көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. Президент Қ.Тоқаев әріптесіне Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына одан әрі көмек көрсете беретінін жеткізді. Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі алдағы егін науқаны кезінде су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды. 

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу