Осылайша, шаһардағы індет ошақтарының саны 25-ке жетті. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Қазір қауіпті аймақтарда медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан күшейтілген іс-шаралар атқарылуда. Ал, қалалық жұқпалы аурулар стационарларында 47 пациент ем алып жатыр. 45 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Жасанды тыныс алу аппаратында жатқан әйелдің жағдайы ауыр. Ал, бір баланың денсаулығы орташа деп бағаланып отыр.