Жолдау-2018: Ұлттық банк жаңа жоба әзірлемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау-2018: Ұлттық банк жаңа жоба әзірлемек

16.01.2018

Ұлттық банк өкілдері Президент Жолдауының алтыншы бағытында көрсетілген Қаржы секторын «қайта жаңғырту» міндеті бойынша арнайы жоба әзірлеп, ел үкіметіне ұсынбақшы.

Бұл туралы бас банкир Данияр Ақышев баспасөз мәжілісінде айтты. Оның сөзінше, басты қаржылық мекеме төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру үшін өндіріс орындарының қаржылық жағынан тапшылық көрмеуіне арналған жолдарды қарастырмақ. Бұдан бөлек, Ұлттық банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау ісі одан әрі жалғасады. Бұл екінші деңгейлі банктердің қарапайым азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырады. Сондай-ақ, шарада ведомство басшысы биыл базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеуі ықтимал екендігін де айтты. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Ұлттық банк +/- 1 пайыз ауытқу дәлізімен базалық ставканы 9,75 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Банктерге өтімділік беру операцияларставкалар 10,75 пайыз. Ал, өтімділік алу операциялары бойынша 8,70 пайыз болды.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу