Жамбыл облысында қатерлі індет жұқтырған үшінші адам тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қатерлі індет жұқтырған үшінші адам тіркелді

27.03.2020

Коронавирустық инфекция алғаш Шу ауданының 29 жастағы тұрғынынан табылған болатын. Ал кейінгі екі науқас 46 және 24 жастағы Қордай ауданының тұрғындары. Қауіпті вирус жұқтырғандардың үшеуі де Қырғыз елінен келген. Мамандардың мәліметінше бұл азаматтардың арасында ешқандай да байланыс болмаған. Қазір қауіпті вирус қалуы мүмкін деген жерлерде дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Бұл азаматтармен байланыста болған барлық адамдар анықталып, оқшауланып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу