Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты

27.03.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты. Бұл жөнінде Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды. «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз»

Хабарламаларға жазылу