«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Басты қағида митинг ұйымдастырушылар мемлекеттен рұқсат алмай, ескертумен шектеледі. Үкімет ұсынған құжатқа депутаттар тарапынан елеулі өзгерістер де енгізілді.
Төтенше жағдайға байланысты 65 жастан асқан депутаттар төменгі палатаның бүгінгі отырысына қатысқан жоқ. Бос орындардың болуына байланысты өзге депутаттар да бір бірінен алшақ отырды. Дегенмен мұндай өзгеріс мәжілістің жұмысына кедергі болмады. Үкімет ұсынған заң жобасына бірқатар өзгерістер ұсынылды.
Отырыс соңында мәжіліс спикері Nur Otan партиясының фракциясы Мемлекет басшысының коронавируспен күреске бағытталған барлық бастамаларын заңдық деңгейде қолдауға әзір екендігін жеткізді. Өзге партиялардың өкілдері де бұл бастамадар қалыс қайлмайтындарына сенім білдірді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ