Парламент Мәжілісінде «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» заң жобасы таныстырылды. Құжаттың басты мақсаты - елге инвестиция тартып, игілігін көру. Индустриалды аймақтардың жұмысын қадағалау Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелмек. Сондай-ақ, бизнеске қажетті жер учаскелерін алу үдерісі жеңілдетіледі. Қағазбастылық азаяды. Жалпы барлығы 3 кодекс пен 7 заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Құжаттың оң экономикалық әсері болуы тиіс.
Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Кәсіпкерлерге жер алу қиын болатын. Бір жылға дейін жүретін. Өйткені, жер басқарушы компанияларға беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың көлік құрастыруы көп уақыт алатын. Қазір сол министрдің деңгейінде шешілетін болады.
Индира БЕГАЙДАР