Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

25.03.2020

Төтенше жағдайға байланысты соңғы екі жыл бойы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне еніп, бірақ жұмыссыз қалғандарға бір айдан алты айға дейін төлемақы беріледі. Сонымен қатар, ақысыз демалысқа кеткен жұмыскерлерге әлеуметтік төлем тағайындаудың әдісі жарияланды. Айта кетейік, оларға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленеді. Алайда оны алудың арнайы шарттары бар. Төлемге үміткер азаматтың атынан ерекше режим енгізілгенге дейінгі соңғы 12 айдың ішінде Қорға ақша аударылған болуы керек. Төлемді тек орта, шағын және микробизнес жұмысшылары ғана алады. Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жергілікті органға жұмысшысының табысынан айрылғанын дәлелдейтін құжат өткізуі керек.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық алатындар санатын анықтады. Осылайша, 4 санатқа жататын 500 мыңға жуық адам әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілмек. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларына ғана берілсе, карантин жарияланған аумақтарда аталмыш көмек тағайындалған отбасы мүшелері түгел алады. Сонымен қатар, 1 және 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мен мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға беріледі.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу