Коронвирусты жұқтырғандар саны артып келеді. Бүгін елімізде тағы 8 адамнан Ковид-19 вирусы анықталды. Осылайша, ел бойынша науқастар саны 80-ге жетіп отыр. Қазір стационарлық карантинде 1739, үйде 3468 адам оқшауланған.
Бұл індет еліміздің сегіз аймағына тарап үлгерген. Нұр-Сұлтан қаласында науқастар саны 41-ге жетіп отыр. Алматыда ауруға шалдыққан 31 адам тіркелді. Қарағандыда 2 және Шымкентте 2 адамның вирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан короновирус анықталған. Қазіргі таңда олардың барлығы оқшауланып, ем қабылдап жатыр.
Шерхан ЖАМБЫЛ