25 наурыздан бастап Бішкекте коменданттық сағат енгізіледі.
Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев мәлімдеді.
Коменданттық сағат 20:00-ден 7:00-ге дейінгі уақыт аралығына белгіленген.
«Бішкек көшелерін күзету үшін қалаға әскер кіргізіледі. Осы уақыт аралығында көшеге шыққандар тұтқындалады», -деді вице-министр.
tass.ru