Алматыда коронавирус жұқырған тағы бір адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқырған тағы бір адам анықталды

23.03.2020

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Бүгін түнде Египеттен ұшып келген 1975 жылы туған азамат бірден әуежайда оқшауланып, анализ алынған. Ал бұған дейін бүгін мегаполисте екі адамның қауіпті індетке іліккені туралы хабарланған еді. Осылайша, шаһардағы науқастардың саны 26 адамға жетті. Қазір оларға арнайы хаттамаға сәйкес ем шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы үш науқастың екеуі вирус жұқтырғандармен бір ұшақта ұшып келген. Олар бұған дейін стационарға карантинге жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір 24 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ал екеуінікі - орташа ауыр. Олардың бірі балаларға арналған инфекциялық ауруханада ем алып жатыр.

Мегаполисте карантин жариялануына байланысты қоғамдық көліктермен қатынайтын жолаушылар 70 пайызға азайған. Сондықтан ертеңнен бастап транспорттың көпшілігі тек кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу