Елдегі күнделікті ахуал туралы ақпарат енді бір орталықтан беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі күнделікті ахуал туралы ақпарат енді бір орталықтан беріледі

23.03.2020

6-сәуірден бастап оқушылар қашықтан оқуға көшеді. Ал дағдарыс кезінде елдің барлық өңірлерінде коммуналдық төлемдер азайтылады. Бұл жайында бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Елдегі күнделікті ахуал жайындағы ақпараттың бәрі бұдан былай бір орталықтан берілетін болады.

Ал індетті анықтауға арналған қазір елімізде 60 мың тест бар. Жақында тағы 150 мыңы жеткізіледі. Бұдан бөлек, демеушілердің көмегімен қосымша 100 мың тест сатып алынады. Инфекцияның бар-жоғын анықтауға арналған тест халыққа тегін жасалады. Сапасына алаңдауға негіз жоқ екенін айты Дәурен Абаев. Ал карантиннің қашан аяқталатыны жайында дөп басып айту қиын. Дегенмен, ортақ талапты жаппай орындаған жағдайда бір ай ішінде инфекцияны тоқтауға болатынын айтты министр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу