Үкімет басының орынбасары Тоғжанов брифинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басының орынбасары Тоғжанов брифинг өткізді

20.03.2020

Ал, төтенше жағдай кезінде халықты азық-түлік және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін қосымша 32 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Шағын және орта бизнес өкілдері міндетті төлемнен уақытша босатылады. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін тағы 72 мың кәсіпкер 10 пайыздық жеке табыс салығынан босатылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында, 300 миллиард теңге қарастырылып, 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Дүкендерде бағаны негізсіз өсіргендер қатаң жазаланады. Импорттық тәуелділікті азайтып, іштегі өндіріске ерекше басымдық беріледі. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу